Дүниежүзілік банк 2012-2022 жылдарды Қазақстан үшін «жоғалған он жылдық» деп бағалады


19/02/2024
11:29 8481 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

2012-2022 жалдары Қазақстан үшін «жоғалған он жылдық» болды. Бұл жөнінде Дүниежүзілік банк есебінде мәлімдеді. 

 

– 2000-2007 жылдары жылына орта есеппен 4,5% - ға айтарлықтай өскеннен кейін өндіріс факторларының жиынтық өнімділігінің өсуі 2012-2022 жылдары жылына 0,9% - ға дейін төмендеді. Шын мәнінде, бұл Қазақстан үшін «жоғалған онжылдық» болды, – делінген Дүниежүзілік банктің «Қазақстан экономикасы – 2023-2024 жылдың қысқы» баяндамасында. 

 

Құжатқа сәйкес, Қазақстан өндіріс төменділігі мен экономикадағы құрылымындық жетіспеушілік салдарынан ұстанымды өсім көрсетуде. 

 

Ең айқын кемшілік – қаржылық инвестицияларда. Ол 2007 жылға дейін ЖІӨ-нің 26%-ға дейін өсіп, кейінгі он жылдықта 23%-ға дейін төмендеген. Дүниежүзілік банк деректері бойынша, Қазақстан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) аз қаражат бөледі – табысы орташадан жоғары елдердің орташа көрсеткішінен де аз. 2008-2009 жылдардағы банктік дағдарыс компаниялар үшін несие ағынына кедергі келтірген. 

 

– Нақты мағынада 2022 жылы бизнесті несиелендіру қоры 2007 жылғы деңгейден шамамен 35% - ға аз болды, – делінген хабарламада.

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/02/2024 11:29
8481 0

Уведомление